русский язык
Футбол

Владимир Газзаев: «Негізгі уақытта жеңіске жетуге тырысамыз»

Владимир Газзаев: «Негізгі уақытта жеңіске жетуге тырысамыз»
Еуропа лигасының бірінші іріктеу кезеңі аясындағы «Нымме Калью»-«Ақтөбе» қарымта кездесу алдындағы баспасөз-мәслихатын назарларыңызға ұсынамыз, деп хабарлайды «PROСПОРТ»
 
«Нымме Калью» ФК бас бапкері, Сергей Терехов:
 
- Ақтөбеде бар күшімізді салып, әділетті жеңіске жеттік деп ойлаймын. Бірақ бұл нәтижеге қарамастан, фаворит әлі де «Ақтөбе». Командамыз қарымта кездесуге дайын. Матч соңындағы пенальти сериясына дейін жеткізбеуге тырысамыз. 
 
«Ақтөбе» ФК бас бапкері, Владимир Газзаев:
 
- Бірінші ойында екі контршабуылға тап болдық. Соның кесірінен гол жіберіп алдық және қақпашымыз алаңнан қуылды. Жалғыз кемшілігіміз - мүмкіндіктерімізді жүзеге асыра алмаймыз. Команданың ойынына көңілім толуда. Келесі кезеңге өтуге ниеттіміз. Негізгі уақытта жеңіске жетуге тырысамыз. 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;