Қазақстандық спортшылар пара таэквондодан Гран-приде екі медаль алды
![Қазақстандық спортшылар пара таэквондодан Гран-приде екі медаль алды](https://prosports.kz/upload/news/content//202212/203991_9c9d5dfa5fd795e69099163ca18bbc77.jpg?v=28702224)
Эр-Риядта өткен пара таэквондодан финалдық Гран-приде қазақстандық спортшылар екі қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жарыста Нұрлан Домбаев (-80 келі) пен Нышан Өмірәлі (+80 келі) үшінші орын алды. Жеңімпаздар К-44 санатында сынға түсті.
«Биылғы соңғы Гран-приге әлемнің ең мықты спортшылары жиналды. Жарыстар G-10 санаты бойынша бағаланады. Қазір Нұрлан Домбаев әлемдік рейтингте 1-орында тұрса, Нышан Өмірәлі рейтингте 4-орынға көтерілді», - деді пара таэквондодан бас бапкер Нұржан Есілбаев.
Айта кетейік, пара таэквондодан әлемдік Гран-придің финалдық турнирі Сауд Арабиясында өткен болатын. Жарысқа әлемнің 25 елінен 75 спортшы қатысты.