русский язык
Басқа

АrtSport жобасы аясында 1,1 млрд теңге жымқырылған

АrtSport бағдарламасын жүзеге асыру барысын тексеру кезінде 6 мыңға жуық баланы жалған тіркегені анықталды. Салдарынан 1,1 млрд теңге бюджет қаржысы жымқырылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Тексеру барысында үйірмелер мен спорт секцияларына 6 мыңға жуық баланы жалған ресімдеу арқылы 1,1 млрд теңге бюджет қаржысының ұрланғаны анықталды. Кей өңірде (Алматы, БҚО, ШҚО, Маңғыстау облысы) балалармен білім-білігі жоқ, шығармашылық пен спортқа мүлдем қатыссыз, тіпті бұрын жезөкшелік және жыныстық қолсұғушылық қылмысы үшін сотталғандар жұмыс істеген. Ал басқа облыстарда үйірме және секция залдары санитарлық талаптарға сәйкес келмеген», - делінген хабарламада.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;