русский язык
Хоккей

Қазақстандық маман ЖХЛ клубын баптайды

Қазақстандық маман ЖХЛ клубын баптайды

«Буранның» бас бапкері болып Дмитрий Крамаренко тағайындалды, деп хабарлайды Prosports.kz воронеж клубының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Дмитрий Александрович Крамаренко 1979 жылы 22 шілдеде Қарағанды ​​қаласында дүниеге келген. Қарағанды ​​хоккей мектебінің түлегі. Ойыншы мансабында қорғаушы позициясында ойнады. «Қазақмыс», «Ертіс», «Барыс», «Сарыарқа», «Капитан» (Ступино) және т.б командаларда ойнаған.

Бапкерлік мансабын 2010 жылы Қарағандының «Сарыарқасында» бастаған. Одан кейін «Арыстан» (Теміртау), «Құлагер» (Петропавл) командаларында жаттықтырушы қызметін атқарды. 2016-2017 жылғы маусымда «Теміртау» ХК бас бапкері болып тағайындалды. 2017-2018 жылғы маусымнан бастап Ресей чемпионаттарында клубтарды жаттықтырып келеді. «Сарыарқа» (Қарағанды), «Молот-Прикамье» (Пермь), «Ермак» (Ангарск), «Рязань» ХК, «Тамбов» ХК және АКМ (Тула) ВХЛ клубтарында бас бапкер болып жұмыс істеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;