русский язык
Хоккей

Қазақстан жастар құрамасының әлем чемпионатына қатысатын құрамы жарияланды

Қазақстан жастар құрамасының әлем чемпионатына қатысатын құрамы жарияланды

11 және 17 желтоқсан аралығында Норвегияның Аскер қаласында IA дивизиондағы хоккейден жастар әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚХФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан құрамасы элиталық дивизионға шығу үшін Дания, Норвегия, Франция, Венгрия және Словения командаларымен тартысады. 8 желтоқсан күні біздің хоккейшілер даниялық қатарластарына қарсы бақылау матчын өткізіп, 5:2 есебімен жеңіске жетті. Бапкерлер штабы алдағы біріншілікке қатысатын түбегейлі құрамды анықтап, өтінімге 23 ойыншы – 20 алаң ойыншысы және 3 қақпашы енді.

Қақпашылар: Антон Осокин («Торпедо»), Артем Шестаков, Роман Шефер (екеуі де - «Снежные барсы»)

Қорғаушылар: Артем Авдеенко, Данил Базько, Семен Роев, Климентий Царев (барлығы – «Снежные барсы») Дмитрий Бреус («Чайка», ЖХЛ), Иван Гавриленко («Сарыарқа»), Аслан Жүсіпбеков («Барыс», ЖЛК), Кирилл Никитин («Номад»)

Шабуылшылар: Роман Ермак, Кирилл Ляпунов, Динмухамед Сапарбек, Даниил Цыбин, Илья Шапоров, Алмаз Муканов (барлығы – «Снежные барсы»), Динмухамед Кайыржан («Барыс», ҚХЛ), Всеволод Логвин, Алдияр Нұрлан, Константин Морожников (барлығы - «Номад»), Руслан Оспанов («Анкоридж Волверинс», АҚШ) Валентин Попов («Торпедо»)

Матчтардың кестесі (Астана уақытымен)

12 желтоқсан 01:00-де Франция – Қазақстан

12 желтоқсан 21:30-да Қазақстан – Венгрия

15 желтоқсан 01:00-де Қазақстан – Дания

15 желтоқсан 21:30-да Қазақстан – Словения

18 желтоқсан 01:00-де Норвегия – Қазақстан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;