русский язык
Бокс

Қазақстандық боксшы Астанада жекпе-жек өткізеді

Қазақстандық боксшы Астанада жекпе-жек өткізеді

16 желтоқсанда Астанада өтетін бокс кешінде қазақстандық Дәулет Дәукенов (10-2, 4 КО) келесі жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Boxrec.com порталының мәліметінше, 29 жастағы астаналық боксшы бірінші жартылай орта салмақта аргентиналық Алексис Науэль Торреспен (9-3-1, 5 КО) сегіз раундтық жекпе-жек өткізеді.

Бұған дейін Дәулет Дәукенов 2021 жылы 18 желтоқсанда Астанада рингке шыққан болатын. Аталған кеште ол өзбекстандық Эльдорбек Саидовты (6-7-2, 4 КО) төрешілер шешімімен жеңді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;