русский язык
ММА

Дәурен Ермеков өнер көрсететін Eagle FC 51 турнирінің тікелей трансляциясы

Дәурен Ермеков өнер көрсететін Eagle FC 51 турнирінің тікелей трансляциясы

10 желтоқсанда Атырауда аралас жекпе-жектен Eagle FC 51 турнирі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кештің басты жекпе-жегіне орта салмақта «Терминатор» лақап аты бар тәжікстандық Фаридун Одилов (14-2-2) пен қазақстандық Дәурен Ермеков (17-5) лига чемпионы атағын сарапқа салады. Чемпиондық белбеуге тек Ермеков таласады, өйткені Одилов салмақ өлшеу рәсімінен өте алмады.

Турнир аясында тағы екі титулды жекпе-жек өтеді. Жартылай орта салмақта Имам-Шафи Мухтаров пен Денис Измоденов, ал жеңіл салмақта Ренат Хавалов пен Ренат Ондар чемпиондық атақты сарапқа салады.

Eagle FC 51 турнирін UDAR телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Трансляция мына сілтемелерде қолжетімді болады (ақылы жазылым керек болуы мүмкін): Қазақстан, Ресей – СІЛТЕМЕ 1, СІЛТЕМЕ 2; Армения.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;