Марокко – Португалия және Англия – Франция матчының трансляциясы
![Марокко – Португалия және Англия – Франция матчының трансляциясы](https://prosports.kz/upload/news/content//202212/201736_f99511696c6fbc11f35d8807770a6e82.jpg?v=28673844)
10 желтоқсанда Катардағы әлем чемпионатының ширек финалы аяқталып, жартылай финалға шыққан командалар толық анықталады, деп жазады Prosports.kz.
Астана уақытымен сағат 21:00-де Дохадағы «Эль-Тумама» стадионында Марокко құрамасы мен Португалия құрамасы кездеседі. Айта кетерлігі, Марокко ширек финалға шығып, әлем чемпионаты тарихындағы ең үздік нәтижесіне қол жеткізді.
Ал елорда уақыты бойынша сағат 01:00-де Эль-Хаурадағы «Эль-Байт» стадионында Англия – Франция матчы өтеді.
Марокко – Португалия және Англия – Франция кездесуін Qazaqstan және Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.