Әлем футболы

Германия құрамасында ішкі кикілжің болған

news-banner7
mobile-news-top

2014 жылғы әлем чемпионы Германия құрамасы Катардағы әлем біріншілігінің топтық кезеңінен шыға алмады. Кейін командада ішкі кикілжіңдер болғаны айтылуда.

Басылымның жазуынша, 2022 жылғы әлем біріншілігінде командада ішінара кикілжіңдер болып тұрған. Әсіресе, бас бапкер Ханс Кликтің "Бавария" ойыншыларына ерекше бүйрек бұратыны көптеген футболшының ашуына тиеді. Топтық кезеңнің бірінші айналымында Жапонияға қарсы өткен матчта Германия футболшылары аузын басып суретке түскен болатын.

Кейін анықталғандай, ойыншылардың басым бөлігі мұндай саяси акцияларға араласқысы келмеген. Сондай-ақ, бас бапкердің кейбір белсенді ойыншыларды қосалқы құрамда қалдырғаны да күмән тудырды. Мәселен, Марк-Андре тер Штеген мен Кай Хаверц өздерін негізгі құрамға қоспағаны үшін бапкерге өкпесін жеткізді.

Айта кетелік, Германия құрамасы топтық кезеңде 4 ұпай жинап, келесі айналымға өте алмады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер