русский язык
Футбол

Месси Аргентина құрамасынан кетеді. Оған не себеп?

Месси Аргентина құрамасынан кетеді. Оған не себеп?
Атақты футбол жұлдызы Лионель Месси Аргентина ұлттық құрамасында өнер көрсетуін уақытша тоқтатуы мүмкін, деп хабарлайды «PROСПОРТ». 
 
Бұл туралы France Football басылымы жазды. «Барселона» ойыншысының мұндай қадамға баруына жақында өткен құрлық біріншілігіндегі Аргентинаның жеңілісі себеп болды. Осы сәтсіздіктен кейін Месси мен оның жанұясына аргентиналық фанаттар қастандық жасаймыз деп қорқытқан. 
 
Естеріңізге сала кетейік, Америка кубогында Аргентина ойыншылары финалдақ матчта Чили құрамасына пенальти сериясында жол беріп, екінші орын алып қалған.
 
 
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;