Екі қазақстандық таеквондошы Гран-при финалына қатысады
![Екі қазақстандық таеквондошы Гран-при финалына қатысады](https://prosports.kz/upload/news/content//202212/201736_9e576420f012df6eb4b2ed8dadbc8791.jpg?v=28702354)
Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядта 8-10 желтоқсан күндері таеквондодан Гран-придің ақтық сыны өтеді.
Париждегі Олимпиада ойындарына маңызды рейтингілік ұпай әкелетін турнирге әлемдік таеквондо жұлдыздары қатысады.
Ақтық сында Қазақстан командасынан екі спортшы: Жансель Дениз (+67 кг) бен Смайыл Дүйсебай (+80 кг) күш сынайды.