Теннис

Алан Құрманғалиевтің үстел теннисінен әлем чемпионатындағы аралық нәтижелері белгілі болды

Алан Құрманғалиевтің үстел теннисінен әлем чемпионатындағы аралық нәтижелері белгілі болды
news-banner7
mobile-news-top

Тунисте үстел теннисінен жасөспірімдер арасындағы 19-шы әлем чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық Алан Құрманғалиев бағдарламаның үш түріне өнер көрсетеді: жекелей, жұптық және аралас жұпта.

Алан Уильям Бергенблокпен (Швеция) жұптасып Рафаэль Кабрера/Дэниэль Тран (Доминикан Республикасы/АҚШ) дуэтінен 2:3 сесебімен жеңіліп қалды.

Ойыннан кейін құрамамыздың бас бапкер Эльмира Алиева шәкіртімен жеңілген матчтың қателіктерін саралап, енді аралас жұпта – Алан Құрманғалиев/Хан Года (Қазақстан/Мысыр) – Энрике Риос/Карина Сенага Ширай (Пуэрто-Рико/Бразилия) кездесуіне дайындалып жатыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер