Әлем футболы

Роналдудың әпкесі Португалия құрамасының бас бапкерін сынға алды

Роналдудың әпкесі Португалия құрамасының бас бапкерін сынға алды
news-banner7
mobile-news-top

Криштиану Роналдудың әпкесі әлеуметтік желіде Португалия құрамасының бас бапкері Фернанду Сантуштың Катардағы әлем чемпионатының 1/8 финалында Швейцарияға қарсы ойында Роналдуды қосалқы құрамда қалдыру туралы шешімін сынға алды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі «Матч ТВ» сайтына сілтеме жасап.

Кездесуде португалиялықтар 6:1 есебімен жеңіске жетіп, Роналду ойынның 74-минутында алаңға шықты.

«Иә, Роналду мәңгілік емес, иә, ол мәңгі ойнамайды, өкінішке қарай, қазір ол гол соқпайды. Португалияға Роналду керек емес. Оның істегенінің бәрі қазір маңызды емес және ұмытылды.

Енді олар кешірім сұрайды және оларға ол қажет емес. Мен мұны есімде сақтаймын, кейінірек сөйлесеміз. Көп нәрсені берген адамды қорлау ұят», - деп жазды Эльма Авейро әлеуметтік желіде.

Турнирдің ширек финалында португалиялықтар Мароккомен ойнайды. Ойын 10 желтоқсанға жоспарланған.

Фото: Alex Pantling / Staff / Getty Images Sport / Gettyimages.ru

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер