Командалық

МБА - «Астана» матчының тікелей трансляциясы

МБА - «Астана» матчының тікелей трансляциясы
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін елордалық баскетбол клубы ВТБ Бірегей лигасы тұрақты маусымының сырт алаңда сериясы аясында кезекті ойынын өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Олег Киселевтің шәкірттері Мәскеудегі «Баскет Холл» аренасында жергілікті «МБА» командасына қарсы ойнайды.

Маусымның екі айының қорытындысы бойынша қазақстандық команда сырт алаңда бірде-бір рет жеңіске жеткен емес.

Айта кетейік, MБA маусымның үздік командаларының бірі. Маусымдағы алғашқы ойында мәскеуліктер «Астананы» 103:69 есебімен жеңген болатын.

Матч Астана уақытымен 22:30-да басталады. Трансляцияны Матч ТВ, Старт ТВ арналарынан және ВТБ Бірегей Лигасының сайтынан көруге болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер