Әлем футболы

Португалия Швейцарияны жеңгеннен кейін жанкүйерлерге алғыс білдіріп жатқанда Роналду алаңнан кетіп қалған

Португалия Швейцарияны жеңгеннен кейін жанкүйерлерге алғыс білдіріп жатқанда Роналду алаңнан кетіп қалған
news-banner7
mobile-news-top

Сейсенбі, 6 желтоқсанда Лусаилде (Катар) әлем чемпионаты 1/8 финалының матчы өтті, онда Португалия құрамасы Швейцария құрамасын 6:1 есебімен женді, деп хабарлайды Prosports.kz.

O Jogo мәліметінше, Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду матч аяқталғаннан кейін алаңнан бірінші болып кетіп қалған. Бүкіл команда трибунаға қол соғып, қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірген сәтте шабуылшы киім ауыстыратын бөлмеге кетіп қалған.

Роналду Швейцарияға қарсы ойында алаңға 74-минутта шығып, нәтижелі әрекеттермен көзге түспеді. Ол 1 гол соққан болатын, бірақ ол офсайдқа байланысты есептелмеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер