Бокс

Өзбекстандағы қазақ боксшысының келесі қарсыласы анықталды

Өзбекстандағы қазақ боксшысының келесі қарсыласы анықталды
news-banner7
mobile-news-top

Өзбекстан атынан шығатын этникалық қазақ Елнұр Абдураимов (10-0, 9 КО) өзінің келесі кәсіпқой жекпе-жегіндегі қарсыласының кім екенін білді, деп хабарлайды Prosports.kz Olamsport.com сайтына сілтеме жасап.

Абдураимов 17 желтоқсанда Мексиканың Мехикали қаласында жұдырықтасады. Өзбекстандық боксшының қарсыласы мексикалық Кристиан Биэлма болмақ.

Мексикалық боксшының қоржынында 19 жеңіс (7 нокаут), 4 жеңіліс, 2 тең нәтиже бар. Алдағы жекпе-жек 8 раундқа есептелген.

Еске салайық, осы жылдың шілде айында АҚШ-та өткен алдыңғы жекпе-жекте 28 жастағы Абдураимов жеңіл салмақтағы IBF-тің Солтүстік Американың ваканттық белбеуін жеңіп алып, мексикалық Леонел Мореноны бірінші раундта нокаутпен жеңген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер