Әлем футболы

Самуэль Это'О соққыға жыққан жанкүйер Катар полициясына шағымданды

Самуэль Это'О соққыға жыққан жанкүйер Катар полициясына шағымданды
news-banner7
mobile-news-top

Катарда өтіп жатқан әлем чемпионаты кезінде «Барселонаның» бұрынғы футболшысы Самуэль Это'Оның шабуылына ұшыраған ер адам полицияға хабарласты, деп жазады Prosports.kz.

Жәбірленуші алжирлік Ютубер Садуни СМ болды, ол камерасы сынғанын, бірнеше жарақат алғанын және жақ сүйегінің ауырғанын айтады.

Басылым бұған дейін Это'Оның Дохадағы 974 стадионынан шығып бара жатқан видесоын жариялаған еді. Бірнеше жанкүйер «Интер» мен «Челсидің» бұрынғы ойыншысына суретке түсу үшін өтініш жасаған. Осы кезде кадрда фотоаппараты бар адам пайда болып, кейін ол Это'Омен қақтығысты. Бір сәтте 41 жастағы камерундық ер адамның денесіне соққы жасап, содан кейін жәбірленуші жерге құлаған.

Это'О - Камерун футбол қауымдастығының президенті. Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, «Анжидің» бұрынғы ойыншысы 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Алжир құрамасына қарсы матч алдында төрешіге пара берді деп айыптаған адамға ашуланған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер