Әлем футболы

Роналду адвокаттар арқылы «Ювентустан» өзінің 20 миллион еуросын алуды көздеп отыр

Роналду адвокаттар арқылы «Ювентустан»  өзінің 20 миллион еуросын алуды көздеп отыр
news-banner7
mobile-news-top

2018-2021 жылдар аралығында «Ювентуста» ойнаған португалиялық шабуылшы Криштиану Роналду адвокаттар арқылы италиялық клубтан 20 миллион еуро төлем алғысы келеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұған дейін бұл соманы 37 жастағы футболшы клубтан кетсе де төлеу керек болғаны хабарланған болатын. Роналду пандемия кезінде жалақысын қысқартуға келіскен. Кейінірек «Ювентус» бас директоры Маурицио Арривабене клубтың Роналдуға қарызы жоқ екенін айтты.

Еске салайық, қазір «Ювентусқа» қарсы қаржылық алаяқтық ісі тексерілуде. Спорт құқығы бойынша сарапшы Маттиа Грассани клуб А сериясынан шығарылуы мүмкін деп санайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер