Бокс

Әлімханұлы Алматыда өтетін бокс кешіне құрметті қонақ ретінде қатысады

Әлімханұлы Алматыда өтетін бокс кешіне құрметті қонақ ретінде қатысады
news-banner7
mobile-news-top

11 желтоқсанда Алматыда өтетін кәсіпқой бокс кешінің хедлайнері қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров (25-0, 18 КО) WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлымен (13-0, 8 КО) кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

«11 желтоқсанда өтетін титулдық жекпе-жек алдында WBO белбеуінің иегері Жәнібек Әлімханұлы маған сәттілік тіледі. Рақмет. Кештің мәртебелі меймандарының бірі осы жігіт. Чемпионның қолдауы - алтынға бергісіз! Үлкен шоуда кездескенше!» – деп жазды Жанқош Тұраров Instagram желісіндегі жеке парақшасында.

Оңтүстік астанада Жанқош жартылай орта салмақта венесуэлалық Луис Энрике Ромеромен (11-5-1, 7 КО) кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер