ММА

OCTAGON 38: Жеңіліп көрмеген поп-ММА файтері қырғыз спортшысымен кездеседі

OCTAGON 38: Жеңіліп көрмеген поп-ММА файтері қырғыз спортшысымен кездеседі
news-banner7
mobile-news-top

21 желтоқсанға Алматыда өтетін OCTAGON 38 турнирінің негізгі кардындағы кезекті жұп анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жеңіл салмақтағы жекпе-жекте қырғызстандық Омурбек Қаныбеков (4-1) жеңіліп көрмеген тәжікстандық Саймумин Мадиевпен (4-0) кездеседі.

Мадиев мансабындағы барлық кездесуінде мерзімінен бұрын жеңіске жеткен, кейінгі үш жекпе-жегін Hardcore FC және Hype FC сияқты поп-ММА промоушендерінде өткізді.

Қаныбековке келсек, OCTAGON 27 & U1 турнирінде өткен кейінгі жекпе-жегінде өзбекстандық Жахонгир Нажметдиновтен (3-3) жеңілді.

Айта кетейік, жекпе-жек кешінің негізгі кездесуінде жеңіл ең салмақтағы Дамир Төленов (8-0) пен Роял Лейлизаде (5-0) кездеседі.

Алдағы кешке билеттерді zakazbiletov.kz сайтынан сатып алуға болады

Турнирдің бас серіктесі UNDERDOG спорт агенттігі

OCTAGON лигасының ресми серіктесі - Parmigiano Group компаниясы

Турнирдің ресми серіктесі 1XBET букмекерлік компаниясы

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер