Әлем футболы

«Карьерамдағы ең үздік сәт». Ливакович - Жапонияға қарсы ойында үш пенальти қайтаруы туралы

«Карьерамдағы ең үздік сәт». Ливакович - Жапонияға қарсы ойында үш пенальти қайтаруы туралы
news-banner7
mobile-news-top

Доминик Ливакович Жапонияға қарсы пенальти сериясынан кейін эмоциясын бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Index сайтына сілтеме жасап.

Хорватия құрамасының қақпашысы 2022 жылғы әлем чемпионатының 1/8 финалындағы пенальти сериясында жапондардың үш соққысын тойтарып, командасына жеңіс сыйлаған.

«Сезім керемет, ең алдымен команданың арқасында атмосфера тамаша. Келген жанкүйерлерге рақмет.

Жапондар басында қатты қысым жасады. Бұл қиын ойын болды, олар жақсы дайындалған, бірақ біз де жақсы дайындықпен келдік.

Біз ең қиын кезде жеңдік. Бұл менің өмірімдегі ең үздік матч және карьерамдағы ең үздік сәт», – деді загребтік «Динамоның» қақпашысы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер