Екатерина Аидова жүлде алған 4 құрлық жарысына бейнешолу
![Екатерина Аидова жүлде алған 4 құрлық жарысына бейнешолу](https://prosports.kz/upload/news/content//202212/201131_37358968bde5135abadc47134e293901.jpg?v=28673629)
Канаданың Квебек қаласында конькимен жүгіруден ІІІ рет ұйымдастырылған 4 құрлық чемпионаты аяқталды.
Соңғы жарыс күні Екатерина Аидова 1000 метрге жарыста күміс жүлдегер атанды. Екатеринаның көрсеткіші 1:16:191 секунд. Осылайша, ол осы 4 құрлық чемпионатындағы 2-медалін мойнына тақты. Кеше қазақстандық спортшы 1500 метрде отандасы Надежда Морозоваға есе жіберіп, күміс алған.
Бұл қашықтықта (1000 м) оңтүстік кореялық Мин Сон Ким (1:16:066) топ жарып, Квебектегі 2-алтынына (алдын 500 метрде) қол жеткізді. Үздік үштікті канадалық Беатрис Ламарш (1:17:393) түйіндеді.