Хоккей

Қазақстандық хоккейші «Барысқа» қайтып оралды

Қазақстандық хоккейші «Барысқа» қайтып оралды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық хоккейші Дмитрий Шевченко астаналық «Барысқа» қайтып оралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Барыс» хоккей клубынан мәлім еткеніндей, шабуылшымен келісімшарт 2023 жылдың 30 сәуіріне дейін жасалған.

Д.Шевченконың есімі қазақстандық жанкүйерлерге жақсы таныс. Ол төрт жыл бойы «Барыстың» намысын қорғады.

Биылғы маусымды хоккейші «Авангард» командасында бастады. Омбылық клубтың сапында Дмитрий ҚХЛ-да 17 матч өткізіп, 1 гол соғып, 1 нәтижелі пас берді.

«Барыста» Д.Шевченко 95-нөмірмен өнер көрсететін болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер