Әлем футболы

Роналду бірінші қаңтарда «Аль-Наср» ойыншысы атанады

Роналду бірінші қаңтарда «Аль-Наср» ойыншысы атанады
news-banner7
mobile-news-top

Португалиялық шабуылшы Криштиану Роналду Сауд Арабиясының «Аль Наср» клубына ауысуға жақын, деп жазады Prosports.kz.

Marca басылымының хабарлауынша, тараптар жарнамалық келісімшарттарды қосқанда маусымына 200 миллион еуроға дейін жалақы алатын 2,5 жылдық келісімшартқа отыруға жақын.

Келіссөз аяқталуға жақын, өйткені бұл жолы ешқандай заңдық кедергілер жоқ. 1 қаңтардан бастап Роналду кез келген командаға ауыса алады.

Қарашада Роналду «Манчестер Юнайтед» клубы мен бұрынғы командаластарын сынаған даулы сұхбатынан кейін командадан кетті.

Қазір ойыншы Португалия құрамасымен бірге Катарда әлем чемпионатына қатысып жатыр. Португалия 1/8 финалда Швейцариямен кездеседі, матч 6 желтоқсанда өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер