Бокс

Головкин әлемдік рейтингте бір саты төмен сырғыды

Головкин әлемдік рейтингте бір саты төмен сырғыды
news-banner7
mobile-news-top

BoxRec порталы салмақ дәрежесіне қарамастан жасалған әлемдегі үздік боксшылардың рейтингісін жариялады, деп жазады Prosports.kz.

Бір ай бұрынғы рейтингпен салыстырғанда, үздік ондықтта біршама өзгеріс болды. Жартылай орта салмақтағы WBO чемпионы Теренс Кроуфорд топ-10 тізімнен шығып қалды. Дерек Чисораны жеңіп, аса ауыр салмақтағы WBC титулын сәтті қорғаған британиялық Тайсон Фьюри екінші сатыға жайғасты.

Айта кетейік, бір ай бұрын үшінші орында тұрған WBA Super, IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин төртінші сатыға сырғыды.

BoxRec порталының pound-for-pound рейтингісі:

1. Сауль Альварес (Мексика);
2. Тайсон Фьюри (Ұлыбритания);
3. Дмитрий Бивол (Ресей);
4. Геннадий Головкин (Қазақстан);
5. Александр Усик (Украина);
6. Энтони Джошуа (Ұлыбритания);
7. Наоя Иноуэ (Жапония);
8. Эррол Спенс-младший (АҚШ);
9. Шакур Стивенсон (АҚШ);
10. Артур Бетербиев (Канада).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер