Басқа

Семсерлесуден Әлем Кубогы: Ерлер мен әйелдер құрамасының еншісінде қола медаль бар

news-banner7
mobile-news-top

Өзбекстан астанасы Ташкентте семсерлесу мен қылыштасудан жастар арасында Әлем Кубогының кезеңі аяқталды. Соңғы жарыс күні командалық сайыс өтті.

Қазақстан ерлер құрамасы семсерлесуден жартылай финалда жарыс қожайыны Өзбекстанды 45-29 есебімен жеңді. Алайда Мысыр құрамасына 35-45 есебімен жол беріп, қола жүлде жолында Қырғыз Республикасының спортшыларын жеңді (45-32). Ұлттық құрама сапында Богдан Лукин, Ғабиден Мұстафин, Георгий Тинников, Александр Федотов өнер көрсетті. Мысыр құрамасы финалда Эстониядан басым түсіп, бас жүлдеге ие болды.

Ал қылыштасуден еліміздің әйелдер құрамасы жартылай финалда Түркиядан ары өте алмады (36-45). Алайда Молдованы сенімді ұтып (45-30), үздік үштікті түйіндеді. Бұл Ташкентте Ұлттық құрама жеңіп алған 3-медаль. Кеше Богдан Лукин жекелей сайыста топ жарған. Әйелдер құрамасы сапында София Актаева, Алена Гноева, Надежда және Алина Искандеровалар күш сынасты.

Түпнұсқасы: kazsports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер