Командалық

Гандболдан Қазақстан құрамасы Әлем чемпионатына жолдама алды

news-banner7
mobile-news-top

Оңтүстік Корея астанасы Сеул мен Инчон қаласында әйелдер арасында қол добынан XIX Азия чемпионаты аяқталды.

Қазақстан құрамасы Үндістанды 42-31 есебімен ұтып, сары құрлық додасын 5-орынмен аяқтады, деп хабарлайды Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Осылайша, Ұлттық құрама 2023 жылғы 30 қараша мен 17 желтоқсан аралығында Дания/Норвегия/Швецияда өтетін XXVI Әлем чемпионатына жолдама алды.

Чемпионатты В тобында бастаған біздің гандболшылар бұл кезеңде Ганконг пен Таиландты ұтты. Алайда Қытай мен Жапонияға есе жіберіп, жартылай финалға шыға алмады. Соңғы жолдама үшін таласта Қазақстан әуелі Өзбекстаннан басым түсті. Тартысты матчтың есебі: 30-28. Сосын Үндістаннан келген құрбыларынан айласын асырды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер