Әлем футболы

Әлем чемпионаты - 2022: Кейлор Навас ең көп гол жіберіп алған қақпашы атанды

news-banner7
mobile-news-top

Қатарда өтіп жатқан футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатында топтық кезеңнен кейін екі футболшы қақпасына гол жіберген жоқ.

Қазірге дейін әртүрлі құрама сапында 40 қақпашы жасыл алаңға шығып үлгерді.

Оның арасынан бразилиялық Адисон Бекер екі кездесуде өз қақпасын голдан аман сақтаса, марокколық Мунир Мохамеди бір ойында дәл сондай нәтижені қайталады.

Ал Коста-Риканың қақпашысы Кейлор Навас үш ойында өз қақпасынан 11 гол алып шықты.

Аталған құрама Испаниядан 0:7, Германиядан 2:4 есебімен жеңілсе, Жапонияны 1:0 есебімен тізе бүктірді. Өз тобында үш ұпаймен төртінші орынды қанағат тұтты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер