Дзюдо

Қуанышбек Есекеев: Балуандық дәстүрі қалыптасқан Қазақстан үшін дзюдо жат емес

news-banner7
mobile-news-top

Астанада өткен Қазақстан дзюдо федерациясының кезекті конференциясында президент лауазымына Қуанышбек Есекеев сайланды.

Қуанышбек Есекеев конференция қатысушыларына көрсеткен сенімі үшін алғыс білдіріп, Қазақстан дзюдо тарихында көптеген даңқты беттер жазылғанын және елімізде осы олимпиадалық спорт түрінің танымалдығы қазақстандықтардың халықаралық ареналардағы жетістіктерін сақтап қана қоймай, көбейтуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

«Балуандық дәстүрі жоғары деңгейде қалыптасқан Қазақстан халқы үшін дзюдо өнері де жат емес. Баршамыз білеміз, елімізде балуандық өнердің тарихы терең, әріге бармай-ақ жауырыны жерге тимеген Қажымұқан, Балуан Шолақ аталарымыздан бастап, бүгінде әлемдік деңгейде топ жарған талай түйе балуандарымызды ауыз толтырып айта аламыз. Бүгінде Қазақстан барысын әлем біледі, бұл саланың сөзсіз көшбасшылары, аты аңызға айналған шоқтығы биік спортшыларымыздың тобы қалыптасқан. Міне осы секілді Қазақстандық дзюдо өнерінің де жұлдыздарын қалыптастыруымыз керек. Отандық дзюдо өнері әлі де өзінің мүмкіндіктерін толыққанды көрсеткен жоқ, ауылдарда белдесіп өскен талай қаракөзден чемпиондар жасаймыз», деп атап өтті жаңа сайланған Қазақстан дзюдо федерациясының Президенті Қуанышбек Есекеев.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер