Басқа

Қазақстандық семсерлесуден әлем чемпионатында алтын жеңіп алды

Қазақстандық семсерлесуден әлем чемпионатында алтын жеңіп алды
news-banner7
mobile-news-top

Ташкентте семсерлесуден жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты өтуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық семсерлесу федерациясының Instagram желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.

Жарыстың бірінші күні спортшымыз Лукин Богдан семсерлесуден әлем кубогының жекелей біріншілігінің алтын медалін жеңіп алып, жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.

Жартылай финалда мысырлық Шамель Юсефті 15:7 есебімен ұтқан Богдан финалда турнир иесі өзбекстандық Тимуров Мейірханмен кездесіп, 15:12 есебімен жеңіске жетті.

Мұстафин Ғабидин, Георгий Тинников және София Ақтаева 1/8 финалда жеңіліп, медальға бір қадам қалғанда жарысты тоқтатты.

Бүгін командалық кездесулер өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер