Басқа

Богдан Лукин семсерлесуден Әлем Кубогының жеңімпазы атанды

Богдан Лукин семсерлесуден Әлем Кубогының жеңімпазы атанды
news-banner7
mobile-news-top

Өзбекстан астанасы Ташкентте семсерлесу мен қылыштасудан жастар арасында Әлем Кубогының кезеңі басталды.

Ерлер арасында семсерлесу сынында Богдан Лукин чемпион атанды. Бәсекені бірден 1/32 кезеңнен бастаған Богдан өзбекстандық Зафар Сидиковты 15-8 есебімен ұтты. Сосын эстониялық Маркус Салм (15-11) мен жартылай финалда мысырлық Юссеф Шамельді (15-7) жеңіп финалға шықты. Алтын үшін таласта тағы бір жарыс қожайыны Мейірхан Тимуровтан 15-12 есебімен басым түсті.

Сонымен қатар бұл жарыста бақ сынаған Георгий Тинников 7-ші, Ғабиден Мұстафин 8-орын алды. Ал Алексей Кассаткин 13-ші, Александр Федотов 15-ші, Нұрлыбек Ахметнаби 19-ші, Михаил Кузьмин 36-шы сатыдан көрінді. Жалпы бұл бағдарламада 10 елден келген 76 спортшы жүлдеге таласты.

Қыздар арасында 6 қазақстандық өнер көрсеткенімен, ешқайсы медаль жеңіп ала алмады. Ең жақсы нәтижені София Ақтаева (7-орын) көрсетті.

Ертең командалық сайыс өтеді. Онда Қазақстан ерлер құрамасы жартылай финал жолдамасын Өзбекстанмен сарапқа салады. Жеңгенін Мысыр құрамасы күтіп тұр. Ал еліміздің қыздар құрамасы жартылай финалда Түркиямен семсерлеседі.

Түпнұсқасы: kazsports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер