Дзюдо

Қазақстан дзюдо федерациясының жаңа президенті сайланды

Қазақстан дзюдо федерациясының жаңа президенті сайланды
news-banner7
mobile-news-top

Астанада Қазақстан дзюдо федерациясының кезекті конференциясы өтті. Конференция барысында Қазақстан дзюдо федерациясының президенті лауазымына «Қазақтелеком» АҚ Басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев сайланды.

Федерация басшысының кандидатурасын кезекті конференцияда дауыс берген барлық 16 қатысушы бірауыздан қолдады. Осы жауапты лауазымға лайықты деп «Қазақтелеком» АҚ Басқармасының төрағасын таңдау бекер емес, Қуанышбек Есекеев өзінің негізгі қызметінен бөлек, отандық спортпен байланысты бірнеше құрылымдарда тиімді қызметімен көзге түскен.

Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылы Қазақстанда киберспорт ресми қызметін бастаған сәттен бері Есекеев мырза Qazaq CyberSport Federation-қазақстандық Киберспорт федерациясын басқарды. Оның басшылығымен осы Федерация қысқа мерзім ішінде тұрақты түрде өтетін ұлттық турнирлердің тұтас желісін, соның ішінде ҚР – ның киберспорттан ресми біріншілігі-Қазақстан Республикасының Кубогын өрістете алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер