Басқа

Виталий Щиголев 4 құрлық чемпионатында топ жарды

Виталий Щиголев 4 құрлық чемпионатында топ жарды
news-banner7
mobile-news-top

Канаданың Квебек қаласында конькимен жүгіруден ІІІ 4 құрлық чемпионаты басталды, деп хабарлайды Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Мұнда Қазақстан, АҚШ, Жапония, Канада, Қытай мен Оңтүстік Кореяның үздік спортшылары сынға түседі.

Алғашқы күні 3000 метрге жарыс Ұлттық құрама спортшылары үшін табысты болды. Ерлер арасында Виталий Щиголев үздік нəтиже көрсетіп, жеңіске жетті. Қазақстандық мəреге 6:22.815 секундта жетті. Күміс медальді Оңтүстік Корея спортшысы алса, үздік үштікті канадалық түйіндеді.

Бұл қашықтықтағы тағы бір отандасымыз Бақдəулет Сағатов 6-орыннан көрінді. Уақыт көрсеткіші - 6:34.580.

Ал əйелдер арасында Надежда Морозова күміс медаль иегері атанды (4:05.51). Ұлттық құрама көшбасшысы 1-орын алған командалық сайыста Бейжің Олимпиадасының чемпионы канадалық Валери Мальтеден 2 жарым секунд қалып кетті. Қола тағы бір канадалық Беатрис Ламарштың еншісінде кетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер