Басқа

Қазақстандық спортшылар академиялық ескек есуден Азия чемпионы атанды

Қазақстандық спортшылар академиялық ескек есуден Азия чемпионы атанды
news-banner7
mobile-news-top

Таиландтың Паттайя қаласында академиялық ескек есуден ересектер мен жастар арасындағы 21-ші Азия чемпионатының финалы өтіп жатыр, деп хабарлайды Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Жасөспірімдер арасында (JW2-) қазақстандық Мелани Жакупова мен Анжела Полянина жұбы финалда мəреге 1-келді. Олар 2 шақырымды 8:44.600 секундта еңселді. Күміс Вьетнам, қола Тайбэй спортшыларына бұйырды. Естеріңізге сала кетейік, Анжела мен Мелани іріктеу кезеңінде өз тобында 4-орын алып, финалға жолдама алған.

Ал ересектер арасындағы жекелей жарыста (W1x) Светлана Германович финалда қола жүлдегер атанды. Уақыт көрсеткіші: 9:13.503 секунд. Қазақстандық іріктеуде мәреге 2-ші келгенімен, жұбаныш жарысында жеңіске жетіп, артық сынға шыққан. Бұл сында ирандық Малаи Назанин чемпион болса, олар кейінгі сатыға қытайлық Вен Ю көтерілді.

Айта кетейік, құрлық бәсекесінің қалған финалдағы жарыстары ертең өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер