Бокс

Хайме Мунгия Жәнібек Әлімханұлымен жекпе-жек өткізуден бас тартты

Хайме Мунгия Жәнібек Әлімханұлымен жекпе-жек өткізуден бас тартты
news-banner7
mobile-news-top

Дүниежүзілік бокс ұйымының (WBO) бас кеңесшісі Густаво Оливейри мексикалық боксшы Хайме Мунгия WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлымен жекпе-жектен ресми түрде бас тартқанын растады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Хайме Мунгияның (Zanfer Boxing және Golden Boy Promotions бірлескен промоутерлігі арқылы) орта салмақтағы чемпионымыз Жәнібек Әлімханұлымен титулды жекпе-жек өткізуден бас тартқанын растаймыз. Бұл шешімді Жәнібектің өкілдеріне жеткіздік», - деді Оливейри.

Boxingscene.com шолушысы Джейк Донован Мунгуия бұдан былай WBO титулына міндетті үміткер бола алмайтынын айтады. Сондай-ақ, Әлімханұлына кезекті міндетті қарсылас белігілене ме әлде қазақстандық боксшы титулын қорғайтын кезекті қарсыласты өз бетінше таңдай ма белгісіз. Бұл сұрақ әлі шешілген жоқ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер