Дзюдо

Қазақстан дзюдо федерациясының жаңа президенті сайланды

Қазақстан дзюдо федерациясының жаңа президенті сайланды
news-banner7
mobile-news-top

2 желтоқсан күні Астанада Қазақстан дзюдо федерациясының кезекті конференциясы өтті. Шарада осы спорттың бір жылғы жұмысы қорытындыланып, саланың аймақтағы жай-күйі мен дамуы барысы туралы есеп тыңдалды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі федерацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Федерация басшысының кандидатурасын кезекті конференцияда дауыс берген барлық 16 қатысушы бірауыздан қолдады.

Қуанышбек Есекеев конференция қатысушыларына көрсеткен сенімі үшін алғыс білдіріп, Қазақстан дзюдо тарихында көптеген даңқты беттер жазылғанын және елімізде осы олимпиадалық спорт түрінің танымалдығы қазақстандықтардың халықаралық ареналардағы жетістіктерін сақтап қана қоймай, көбейтуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Сондай-ақ, конференция барысында ел өңірлерінде дзюдоның дамуы, Федерацияның 2022 жылы спорттық іс-шараларды өткізуі және ҚР Ұлттық құрамасының Франциядағы 2024 жылғы Олимпиада ойындарына дайындық барысы туралы есептер тыңдалды. Атап айту керек, дзюдо өнері спорт сүйер қауым үшін, жастар үшін аса қызықты әрі тартымды спорт түрі. Алты жыл бұрын Алматыда Дзюдо академиясы ашылған болатын, онда болашағынан үміт күттірер жас спортшылар Қазақстан ұлттық құрамасының мүшелерімен бірге жаттығуына мүмкіндігі бар. Бүгінгі таңда Қазақстанда дзюдомен айналысатын спортшылар саны 90 мыңға жуықтады. Бұл көрсеткіш күрт ұлғаюы әбден мүмкін, себебі дәл осы спортқа баулитын секциялар мен клубтар саны бір ғана Астананың өзінде 1 жылда 3 есе артқан, яғни 2021 жылы дзюдо күресін дамытатын 11 спорт клуб жұмыс істесе, бүгінде мұндай орталықтар саны 35-ке жетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер