«Ақтөбе» Логвиненкоға қатысты мәлімдеме жасады

«Ақтөбе» Логвиненкоға қатысты мәлімдеме жасады
news-banner7
mobile-news-top

«Ақтөбе» футбол клубы БАҚ беттерінде жарияланған Юрий Логвиненко туралы ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады.

«Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында «Ақтөбе» футбол клубының капитаны Юрий Логвиненко өз мансабын аяқтап, клубтың спорттық директоры болып тағайындалады деген хабарлама жарық көрді.

Осыған сәйкес «Ақтөбе» футбол клубы аталмыш ақпараттың шындыққа жанаспайтынын ресми түрде хабарлайды. "Ақтөбенің" тәжірибелі ойыншысы қазіргі таңда еңбек демалысында және футболшы ретінде мансабын аяқтау туралы шешім қабылдаған емес.

Жанкүйерлер мен БАҚ өкілдерін ресми ақпаратқа ғана назар аударып, клуб абыройына нұқсан келтіретін хабарлардан аулақ болуға шақырамыз», - делінген мәлімдемеде.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер