«Астананың» спорт директоры қызметіне Игорь Павлюк тағайындалды

«Астананың» спорт директоры қызметіне Игорь Павлюк тағайындалды
news-banner7
mobile-news-top

«Астана» футбол клубының спорт директоры қызметіне Игорь Павлюк тағайындалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы елордалық клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Бұған дейін Игорь Владимирович «Астана» клубы негізгі командасының аға әкімшісі және футбол орталығының менеджері қызметтерін атқарған.

Футбол саласындағы мансабын 1997 жылы шортандылық «Автомобилист» командасында бастаған. 2005 жылға дейін «Химик» Степногорск, «Астана», «Жеңіс», «Ақмола» Степногорск, «Екібастұздық-БК», «Есіл» Көкшетау, «Оқжетпес» командаларында өнер көрсеткен.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер