Ресейлік БАҚ: Нұралы Әліп «Сочиге» ауыса ма?

Ресейлік БАҚ: Нұралы Әліп «Сочиге» ауыса ма?
news-banner7
mobile-news-top

Ресейлік «ТИ-Спорт» Қазақстан құрамасы мен «Зенит» клубының қорғаушысы Нұралы Әліптің «Сочиге» ауысу мүмкіндігін саралап көрді, деп жазады Prosports.kz.

- Курбан Бердыевтің «Сочиге» жаңа бас бапкер болып келетіні 99,9% шешілген мәселе. «Рубиннің» бұрынғы бапкері Ресейде жұмыс істеу үшін ирандық «Трактордан» өз еркімен кетті. Тәжірибелі маман кейінгі үш жылда РПЛ-да жұмыс істеген жоқ. Осы уақытта ол Қазақстан мен Иранда еңбек етті.

Ескі дәстүр бойынша, Бердыев жаңа командасына бұрынғы ойыншыларын шақырады. Мысалы, Иранға ол «Қайратта» бірге жұмыс істеген португалиялық Рикардо Алвесті алып барды. «Сочиге» қазақстандық қорғаушы Нұрәлі Әліпті шақыруы мүмкін. Футболшыны «Зенит» жалға алға, бірақ көбінде қосалқы құрамда қалып жүр. Ойыншының агенттері Әліпті Бердыевке ұсынды. Бұл трансфер жүзеге асуы мүмкін, - деп жазады сайт.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер