Сенегал Эквадорды жеңіп, әлем чемпионатының 1/8 финалына жолдама алды
![Сенегал Эквадорды жеңіп, әлем чемпионатының 1/8 финалына жолдама алды](https://prosports.kz/upload/news/content//202211/201736_6ac3d3cf1a557250c51503de9358ca80.jpg?v=28711577)
Эквадор мен Сенегал құрамалары арасындағы әлем чемпионатының үшінші кезеңінің А тобындағы кездесуі Африка құрамасының жеңісімен аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Әлем чемпионаты 2022. А тобы. Үшінші тур.
Эквадор - Сенегал - 1:2 (0:1)
Гол соққандар: Сарр 44 (пенальтиден – 0:1), Кайседо 68 (1:1), Кулибали 70 (1:2)
Төреші: Турпин (Франция)
29 қараша. Доха. Халифа халықаралық стадионы. 45 857 көрермен.