Бокс

Қазақстандық боксшы рингке оралатын күнін жариялады

Қазақстандық боксшы рингке оралатын күнін жариялады
news-banner7
mobile-news-top

Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов келесі жекпе-жегінің өтетін күні мен орнын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Солдат Q» әлеуметтік желіде келесі жекпе-жегін 24 желтоқсанда Алматыда өткізетінін хабарлады, бірақ қарсыласының есімін айтпады.

Еске салайық, Садриддин кейінгі жекпе-жегін 2021 жылдың қаңтарында өткізді. Мексикада ол голландиялық Стивен Даньоны жеңіп, бірінші орта салмақтағы WBA Continental, NABF және WBC Francophone титулдарын жеңіп алды.

Фото: Eye of the Tiger Management

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер