Қысқы

Әлем кубогы, IBU кубогы жарыстарына қатысатын Қазақстан құрамасының тізімі

Әлем кубогы, IBU кубогы жарыстарына қатысатын Қазақстан құрамасының тізімі
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық биатлоншылар 29 қарашада басталатын жаңа маусымға дайындықтың соңғы кезеңін өткізіп жатыр, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы Қазақстан биатлон одағының баспасөз қызметі хабарлады.

Контиолахтиде (Финляндия) өтетін әлем кубогы кезеңіне Анастасия Кондратьева, Людмила Ахатова, Сергей Сирик, Асет Дюсенов, Владислав Киреев, Александр Мухин қатысады.

Идра қаласында (Швеция) өтетін IBU кубогы кезеңінде Надежда Пивоварова, Алина Скрипкина, Кристина Титиевская, Полина Егорова, Кирилл Бауэр, Иван Дарьин, Данил Белецкий, Бекентай Турлубеков бақ сынайды.

8 желтоқсанда Валь Мартеллода (Италия) басталатын жасөспірімдер арасындағы жарысқа (IBU кубогы) Егор Гребенщиков, Никита Акимов, Вадим Куралес, Руслан Амурлаев, Данил Червенко, Мария Польдяева, Арина Крюкова, Ксения Долгополова қатысады.

Елизавета Белецкая, Дарья Климина және Галина Вишневская денсаулығына және жеке себептерге байланысты маусымға қатыспайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер