русский язык
Футбол

Владимир Вайсс: «Ірі есеппен жеңіске жеткенімізге қуаныштымын»

Владимир Вайсс: «Ірі есеппен жеңіске жеткенімізге қуаныштымын»

«Қайраттың» бас бапкері Владимир Вайсс «Шахтермен» өткен ойын жайлы (5:0) өз ойымен бөлісті, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

- Қарсылас команданы ірі есебімен ұтқанымызға қуаныштымын, - деп бастады баспасөз-мәслихатын Владимир Вайсс. – Бұл жеңіс «Црвена Звездаға» қарсы қарымта ойын алдында команданың өзіне деген сенімділігін күшейтеді.  

– Бүгінгі ойында сіздің командаңыздың бірқатар негізгі ойыншылары алаңға шықпады. Себебі неде? 

– Жетекші ойыншыларымызға демалыс бердік. Бұған қоса, негізгі құрамда ойнау үшін бәсекелестік жоғары. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;