Бокс

Батыр Жүкембаев Қазақстанда титулдық жекпе-жек өткізеді

Батыр Жүкембаев Қазақстанда титулдық жекпе-жек өткізеді
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаевтің (19-1, 15 КО) келесі жекпе-жегінің өтетін күні мен орны белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Туған жердегі тұңғыш жекпе-жегім болмақ. 24 желтоқсанда, Алматы төрінде, «SADU Arena» кешенінде, кештің басты айқасында WBC Asia чемпиондық титулына таласқа түсемін!», – деп жазды 31 жастағы спортшы Инстаграм парақшасында.

Бұл Батыр Жүкембаевтің Қазақстанда кәсіпқой ретіндегі дебюттік жекпе-жегі болады. Ол 20 кәсіпқой жекпе-жектің 19-ын Канадада, біреуін АҚШ-та өткізді.

Батыр рингке бір жылдан астам уақыт демалыстан кейін оралады - ол кейінгі жекпе-жегін 2021 жылы 17 желтоқсанда Монреальда өткізген еді. Жүкембаев бірінші раундта мексикалық Хуан Хосе Мартинесті (28-11, 20 КО) нокаутқа түсерген болатын.

Фото instagram.com/batyr_jukembaev

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер