Әлем футболы

Месси: «Сауд Арабиясынан жеңілгеннен кейін ұлым Матео стадионнан жылап кетті»

Месси: «Сауд Арабиясынан жеңілгеннен кейін ұлым Матео стадионнан жылап кетті»
news-banner7
mobile-news-top

Аргентина құрамасының капитаны Лионель Месси альбиселесте әлем чемпионатында Сауд Арабиясынан жеңіліп қалғаннан кейін ұлы жылағанын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Аргентина әлем чемпионатының алғашқы матчында араб футболшыларынан 1:2 есебімен жеңіліп қалған.

Мессидің ұлы 7 жастағы Матео осы ойыннан кейін көзіне жас алған.

«Бірінші ойыннан кейін Матео стадионнан жылап кетті. Тьяго егер қалған екі ойында жеңсек, плэй-оффқа шығатынымызды түсіндірді», - деді Месси.

Аргентина құрамасы 2-турда Мексиканы 2:0 есебімен жеңген. Ал шешуші турда Аргентина Польшамен кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер