Әлем футболы

Әлем чемпионаты: Бас бапкерлер қанша жалақы алады

Әлем чемпионаты: Бас бапкерлер қанша жалақы алады
news-banner7
mobile-news-top

Катарда футболдан 2022 жылғы әлем чемпионаты өтіп жатыр, деп жазады Рrosports.kz.

Топтық кезеңнің екінші туры толық аяқталмаса да, чемпионатпен қоштасқан бір команда, плей-офф кезеңіне өткен бір құрама анықталды.

Атап айтқанда, А тобында бақ сынаған алаң иелері Экватор (0:2) мен Сенегалға (1:3) жол беріп, 1/8 финалға шығу мүмкіндігінен ерте айырылды.

Ал D тобында өнер көрсеткен Франция футболшылары Аустралия (4:1) мен Данияны (2:1) жеңіп, турнирдің плей-офф сатысына жолдама алды.

Назарларыңызға чемпионатқа қатысып жатқан 32 құраманың бас бапкері қанша жалақы алатынын ұсынамыз.

Шетелдік басылымдар жинақтаған мәліметке сүйенсек, әлем чемпионы атануға таласатын 32 бапкердің ішінде ең көп табыс табатын Ханс-Дитер Флик екен. Германия құрамасын жаттықтыратын 57 жастағы маман жылына 6,5 млн еуро алады. Ал ең аз жалақы Тунис бапкеріне төленеді. Джалель Кадри мырза жылына бар болғаны 130 мың еуро алады.

Әлем чемпионатына қатысып жатқан 32 құраманың бас бапкері алатын жалақы мөлшері:

Ханс-Дитер Флик, 57 жас (Германия құрамасы) — € 6,5 млн
Гарет Саутгейт, 52 жас (Англия) — € 5,8 млн
Дидье Дешам, 54 жас (Франция) — € 3,8 млн
Тите, 61 жас (Бразилия) — € 3,6 млн
Луи ван Гал, 71 жас (Нидерланды) — € 2,9 млн
Херардо Мартино, 59 жас (Мексика) — € 2,9 млн
Лионель Скалони, 44 жас (Аргентина) — € 2,6 млн
Феликс Санчес Бас, 46 жас (Катар) — € 2,4 млн
Фернанду Сантуш, 68 жас (Португалия) — € 2,25 млн
Мурат Якин, 48 жас (Швейцария) — € 1,6 млн
Паулу Бенту, 53 жас (Оңтүстік Корея) — € 1,3 млн
Грэм Арнольд, 59 жас (Аустралия) — € 1,3 млн
Грегг Берхалтер, 49 жас (АҚШ) — € 1,25 млн
Роберто Мартинес, 49 жас (Бельгия) — € 1,2 млн
Каспер Юльманн, 50 жас (Дания) — € 1,15 млн
Луис Энрике, 52 жас (Испания) — € 1,15 млн
Эрве Ренар, 54 жас (Сауд Арабиясы) — € 1,1 млн
Хадзимэ Мориясу, 54 жас (Жапония) — € 1,05 млн
Карлуш Кейруш, 69 жас (Иран) — € 900 мың
Диего Алонсо, 47 жас (Уругвай) — € 860 мың
Густаво Альфаро, 60 жас (Эквадор) — € 770 мың
Валид Реграги, 47 жас (Марокко) — € 720 мың
Драган Стойкович, 57 жас (Сербия) — € 650 мың
Златко Далич, 55 жас (Хорватия) — € 550 мың
Чеслав Михневич, 52 жас (Польша) — € 500 мың
Джон Хердман, 47 жас (Канада) — € 480 мың
Роб Пейдж, 48 жас (Уэльс) — € 380 мың
Луис Суарес, 62 жас (Коста-Рика) — € 350 мың
Ригобер Сонг, 46 жас (Камерун) — € 340 мың
Алиу Сиссе, 46 жас (Сенегал) — € 310 мың
Отто Аддо, 47 жас (Гана) — € 150 мың
Джалель Кадри, 50 жас (Тунис) — € 130 мың.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер