ВТБ Бірегей лигасы: «Астана» «Енисейден» жеңіліп қалды
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызКрасноярскілік «Енисей» ВТБ Бірегей лигасының тұрақты чемпионаты аясындағы ойында қазақстандық «Астананы» жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Красноярск қаласындағы «Арена-Северде» өткен кездесу 89:76 (23:17, 20:18, 25:10, 21:31) есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды.
Турдағы келесі матчты «Астана» сырт алаңда санкт-петербургтік «Зенитке» қарсы өткізеді, кездесу 4 желтоқсанда өтеді.