Әлем футболы

Футболдан ӘЧ: Аустралия екінші тур матчында Тунисті жеңді

Футболдан ӘЧ: Аустралия екінші тур матчында Тунисті жеңді
news-banner7
mobile-news-top

Футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатының екінші турындағы матчта Аустралия құрамасы Тунисті жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл ойын алдында D тобында Аустралия құрамасы соңғы орында тұрған. Себебі аустралиялықтар бірінші турда Франциядан 1:4 есебімен жеңіліп қалған еді. Ал Тунис бірінші турда Даниямен тең түскен болатын.

Тунис пен Аустралия матчында жанкүйерлер бір ғана гол көрді. 23-минутта Митчелл Дьюк баспен алыс бұрышты дәл көздеп, аустралиялықтарды алға шығарды - 1:0.

Осы ойыннан кейін Аустралия құрамасы D тобында екінші орынға көтерілді. Көш басындағы Франция екеуінде үш ұпайдан бар. Ал Дания мен Тунистің еншісінде бір ұпайдан.

Футболдан әлем чемпионаты. D тобы. Екінші тур.

Тунис – Аустралия – 0:1 (0:1)

Гол: Дьюк 23 (0:1)

Ескертулер: Лайдуни 26, Абди 65, Сасси 90+3

Төреші: Зиберт (Германия)

26 қараша. Эль-Вакра. «Эль-Джануб» стадионы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер