Бокс

Қазақстандық боксшы көршісін өрттен аман алып қалды

Қазақстандық боксшы көршісін өрттен аман алып қалды
news-banner7
mobile-news-top

Петропавлда кәсіпқой боксшы Евгений Павлов ер адамды өрттен аман алып қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы боксшының ісін жүргізетін «Suleimen Promotions» хабарлады.

Белгілі болғандай, 24 қараша күні сағат 00:43-те Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің «101» телефонына тұрғын үйдің өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түскен. Дереу жеткен ТЖД қызметкерлері үй ашық жалынмен жанып жатқанын анықтаған. Алайда Өрт сөндірушілер келгенге дейін 1951 жылы туған үй иесін көшенің арғы шетінде тұратын көршісі, кәсіпқой боксшымыз Евгений Павлов асқан ерлікпен аман-есен алып шықты.

Евгенийдің айтуынша, сағат түңгі бір шамасында көрші үйдің терезесінен жалынның жарқылы байқалған. Евгений алдымен жақын маңдағы «Газель» көлігіне жүгіріп барып, адамдардың назарын аудару үшін дабыл қаққан. Кейін еш ойланбастан үйге кіріп, сыртқы есікті ашқан. Үйге кіргенде лаулап жанып жатқан өрттен демалу мүмкін болмағандықтан, Евгений суға малынған бас киіммен аузы-мұрнын жауып, қабырғаны жағалай ішке беттеген.

«Түтіннің қоюланғаны сонша, мен төменірек еңкейгенде ғана төрт-бес метр жерде маған қарай қиналып келе жатқан Витя ағайдың сұлбасын ажырата алдым, дереу оның жанына барып, қолтығынан демеп, сыртқы есікке қарай шығарып жібердім. Осыдан соң, үйіме апарып, алғашқы көмекті көрсеттік. Көп ұзамай өрт сөндірушілер мен жедел жәрдем де келді. Бақытымызға орай, Вита ағай медициналық көмекті қажет етпеді», - дейді Евгений Павлов.

Ал құтқарушылардың айтуынша, Евгений тез, сенімді және батыл әрекет еткен. Соның нәтижесінде тұрғынды аман алып қалған. Сондай-ақ, төтеншеліктерді Евгенийдің кәсіби қимылы таң қалдырған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер