ҚХЛ: «Барыс» Астанада мәскеулік командадан ұтылды
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызҚұрлықтық хоккей лигасының матчында астаналық «Барыс» өз алаңында мәскеулік «Спартакпен» ойнады, деп жазады Prosports.kz.
Андрей Скабелка келесі құрамды алаңға шығарды: Гудачек (Бояркин) - Бекетаев-Грэм, Савицкий-Вей-Михайлис; Грант-Ногье, Бракко-Шайхмедденов-Петухов; Мищенко-Данияр, Қайыржан-Гурков-Шестаков; Гайтамиров-Григорьев, Әсетов-Сагадеев-Рахманов.
Мәскеулік команда 4:1 есебімен жеңіп кетті. Елордалық команданың жалғыз шайбысын Никита Михайлис соқты.
28 қарашада «Барыс» сырт алаңда Екатеринбургтің «Автомобилистімен» ойнайды.
«Барыс» (Астана, Қазақстан) - «Спартак» (Мәскеу, Ресей) 1:4 (1:1, 0:2, 0:1)